Текст
Бүгін Ақбұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 1-ші және 5-ші сынып оқушыларының Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қатарына салтанатты түрде қабылдау іс- шарасы өтті. Салтанаттың қортынды бөлімінде мектеп директоры Субботина Ирина Васильевна оқушыларды құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.