Текст
Ақбұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуына арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шарада Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Алексеева Валентина Валерьевна жылы лебізін білдіріп, ұстаздар мен оқушыларға табыс тіледі. Сонымен қатар мектеп директорының міндетін атқарушы Азимбаева Г.Б. өзінің жүрекжарды тілегін жеткізді.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушыларының ата-аналары да балаларға сәттілік тілеп, ыстық ықыластарын білдірді.
Жаңа оқу жылы барша ұстаздар қауымына табысқа, оқушыларға білімге деген құштарлыққа, ата-аналарға қуаныш пен мақтанышқа толы жыл болсын!