Текст
13.02.2026
Аға тәлімгердің жылдық жоспарына сәйкес, Акбулак ауылының ескерткіші аумағында қысқы кезеңде «Мейірім» атты волонтёрлік рейд ұйымдастырылды.Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, жоғары жауапкершілікпен жұмыс атқарды. Қыс мезгіліне байланысты ескерткіш маңы қардан тазартылып, жаяу жүргіншілер жолы ашылып, аумақ ретке келтірілді. Балалар суық ауа райына қарамастан, ұйымшылдықпен еңбек етіп, төзімділік пен бірліктің үлгісін көрсетті. Мұндай игі бастамалар оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, азаматтық ұстанымын нығайтады және тарихи мұраға деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.