Текст
13.03.2026
15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне арналған іс-шара өтті. Бұл күн – Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың ерлігі мен батырлығын құрметтейтін маңызды күн. Іс-шара барысында оқушылар Ауған соғысы туралы мәліметтер айтып, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, жауынгер-интернационалистердің ерлігі туралы айтылып, олардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды. Оқушылар ардагерлердің батылдығын үлгі етіп, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет туралы ойларын білдірді. 