Күні: |
|
Сынып: |
7 «а» |
Сабақтың тақырыбы: |
Сұлу ,әдемі музыка |
Сабақтың мақсаты |
Осы тақырып бойынша өтетеін сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс қолдана білуге машықтандырады. Оқушылардың бір-біріне деген ықыластарын жандандыру, ұқыптылыққа, тәрбиелікке үйретеді. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытады. Сөздік қорларын молайту арқылы тілдесім әрекетіне жетелеу. |
Сабақтың түрі: |
Жаңа сабақ |
Сабақтың типі: |
топтық жұмыс
|
Қолданылатын технология: |
АКТ, сын тұрғысынан ойлау, модульдік оқыту. |
Сабақтың әдіс-тәсілдері: |
«Миға шабуыл», сұрақ-жауап.
|
Сабақтың көрнекілігі |
Презентация,суреттер, қима қағаздар,маркерлер,плакат- қағаз,оқулық. |
Сабақтың барысы | |
І.Ұйымдастыру кезеңі: |
1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгелдеу. 3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 4.Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. |
ІІ. Өткен тақырыптарды пысықтау: |
1.Сұрақ-жауап:Балалар,біздің өткен сабағымыздың лексикалық тақырыбы Музыка. Ал, грамматикалық тақырыбымыз, есімдік болатын.Осы өткен тақырыптарға байланысты мынадай сұрақтарым бар. 1.Музыканың неше түрі бар? (үш түрі бар) 2. Олар қандай ? 3. Есімдіктер дегеніміз не? 4. Мағынасына қарай есімдік нешеге бөлінеді? 5.Жіктеу есімдіктері дегеніміз не? 6.Сілтеу есідігіше? 7.Сұрау есімдігі дегеніміз не?
|
ІІІ. Сабақты түсіндіру, талдау жасау: |
1. Сөздікпен жұмыс. Шабуыл жасау-нападать Тұтқынға алу-взять в плен Бағу – пасти Сыншы – критик Сыбызғы – свирель Таңырқай – с удивлением Уәзір – визирь Алғысын айтты – поблагодарил Бас ию – преклоняться
1. Мәтінді оқып, аудару. Мәтінді түсініп, рөлге бөліп оқыңдар. Саймақ ханға қалай жауап береді? І топ; Мәтінмен жұмыс.Мәтінге ат қою «Сыбызғы үні» мәтіні. 2-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді теріп жазыңдар. ІІ топ: 1-тапсырма. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.Жаугершілік, Музыка.Мына сөзге өнерпаздарды морфологиялық талдау жасаңыз. 2. Постермен жұмыс жасау. І топ : Қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер? ІІ топ: Қандай әнші сазгерлерді білесіңдер? Сұрақ - жауап. Саймақ ханға қалай жауап береді? І деңгей. «Тек сұлу, әдемі, шыншыл музыка ғана адам жүрегіне жол табады» дегенді қалай түсінесіңдер? |
ІV. Сабақты бекіту. |
Балалар,әсерлі,жағымды музыка адамның денсаулығына жақсы әсер етеді екен.Мысалы,төсек тартып жатқан ауру адам музыканы тыңдаса,жазылады екен. Мұны медицина ғылымы дәлелдеп отыр,оны өздерің де биология пәні бойынша білесіңдер. «Ән – өмірді ұзартады», «ән – көңілдің ажары» деп тегін айтылмаса керек. |
V. Сабақты қорытындылау. |
- Бүгін сабақта не өттік? - Не үйрендік? - Сабақ қызық болды ма? - Несімен қызық болды? - Сұрақ-жауап |
ҮІ. Рефлексия |
«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жасау. |
VІІ. Бағалау |
Оқушыларды бағалау. |
ҮІІІ.тапсырма. |
4-тапсырма, 175-бет.Сөйлемдерді жазып алып, үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды тауып, астын сызыңдар. |